«Ажырасу – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

577

0

Бүгін «ҚХП» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ажырасу – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Келелі басқосуға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жанар Ахетова, «АХАТ» басқарма басшысы Ботакөз Идрисова, «Анаға тағзым» орталығының жоғары білімді әдіскері Салима Мәлімова, психолог Аруна Ергеш, облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Жеңісбек Дәрібаев, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының психологі Айсұлу Нұрманбаева, сондай-ақ партия белсенділері қатысты.

Ажырасу. Бір ғана сөз көптеген ұйыған отбасының тағдырын бір сәтте басқа арнаға бұрып жібереді. Өкініштісі сол, жыл өткен сайын елімізде шайқалған шаңырақтың саны артуда. Бүгінде ажырасудың жиілеп бара жатқаны қарапайым халықпен қатар құзырлы органдарды да алаңдата бастады. Жалпы қазақта ажырасу неге көбейді? Отбасын тұрақтандырудың жолы қандай? осы және өзгеде сұрақтарға байланысты арнайы мамандар не дейді? Партия тарапынан көтерілген бұл мәселе дөңгелек үстел барысында жан-жақты талқыланып, арнайы мамандар өз ойын ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

Бүгінгі кездесу барысында осыған дейін елімізде ажырасудың себеп-салдары зерттелмегені белгілі болды. Осы мәселені қолға алып, ажырасудың түп-төркіні қайдан, қалай шығып жатқанын анықтау керек екені баса айтылды. Сонымен қатар елімізде отбасы иниституты және оның құндылықтары мен  ұлттық тәрбиені күшейту мәселесі де қозғалды.   Себебі отбасы институты елдің жүгін көтере алатын, халыққа пайдалы болатындай деңгейде болуы маңызды. Сондай-ақ үйленбестен бұрын жастарға отбасыға қатысты арнайы курстардан өтуді міндеттеу қажеттілі сөз болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<