Бәйге жеңімпаздары арнайы сыйлыққа ие болды

258

0

Шиелі ауданының 95 жылдық мерейтойына және «Алтын күз – 2023» мерекесіне орай атшабарда бәйге өтті. Бәйгені аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерсұлтан Апетов ашып беріп, шабандоздарға сәттілік тіледі, демеушілік жасаған кәсіпкерлерге алғыс айтты.

Бәйге ең әуелі тай бәйгесіндегі сәйгүліктердің жарысымен басталды. Мұнан соң құнан, сосын аламан бәйгесіне жалғасты.Жан-жақтан кіл мықты шабандоздар бас қосқан бәйгенің жалпы жүлде қоры 10 млн теңге. Ал, аламан бәйгесінің жеңімпазына 3 млн теңге қаржылай сыйақы берілді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<