Бала – өмір шуағы

560

0

Аймағымыздағы жастар саясатын дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында  28 қыркүйек күні «Балалар біздің болашағымыз» еріктілер тобының ұйымдастырумен №8 мектеп-интернатында «Бала өмір шуағы» атты концерттік бағдарлама өтті. Концертке мектеп – интернатының оқушылары қатысты. Шара барысында балалардың ой-танымын кеңейтуге, достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған тренингтер мен ойындар ұйымдастырылды. Көңілді кездесу соңында оқушылар күннің қызықты өткенін айтып пікір білдірсе,  еріктілер тобы алдағы уақытта тағы келуге уәде берді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<