Балалар үшін қауіпті деп танылған әйгілі мультфильмдер

318

0

«Пеппа доңызы» мультфильмі балалар мен жасөспірімдердің психикалық тепе-теңдігіне қауіпті. Бұл туралы  бала тәрбиесі мен мінез -құлық жөніндегі кеңесші Софи Джайлз айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Анимациялық фильмдегі балалар әкесімен ауыр үнімен сөйлеседі. Жас көрермендер мұндай мінез-құлық моделін ата-аналарымен қарым-қатынаста қабылдауы мүмкін.

Сондай-ақ, Джайлздың айтуынша, «Кішкентай ханшайым» және «Өрт сөндіруші Сэм» секілді мультфильмдерден осындай жағдайды байқауға болады.

Балалардың мінез-құлқы жөніндегі маманы балаға мультфильм көрсетпес бұрын бір серияны өзіңіз көруге кеңес берді. 

Бұған дейін қытайлық ата-аналар балалардың «Барбидің арман үйіндегі оқиғалары», «Пеппа доңызы» және «Менің кішкентай пониім: достық бұл – ғажайып» мультфильмдерін қатыгездік пен зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптады.

“Көрші аюларға” қытайлық мультфильміне ата-аналардан ең көп шағым айтты. Басты кейіпкер электрлік араны жиі ұстайды. Оны көрген балалар бұл құралмен басқаларға зиян келтіре бастаған.

Бұған дейін халықаралық зерттеу агенттігі 2021 жылдың тамызындағы жағдай бойынша әлемдегі мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған сұранысы ең көп шоулардың тізімін жасаған болатын. Зерттеулер көрсеткендей, «Маша мен аю» мультфильмі «Пеппа доңызы» және «Сезам көшесі» сияқты шетелдік хиттерден озып кетті. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз