«Балалар жылын» қорытындылады

1659

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ұлағатты ұрпақ – ұлт болашағы» атты мерекелік кеш өтті. «Балалар жылын» қорытындылау мақсатында өткен іс-шараға облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов қатысып, жыл бойы ұйымдастырылған түрлі мәдени шаралар мен байқауларда белсенділік танытқан балалар мен кітапхана оқырмандарын құттықтады.

– Жас ұрпақты парасатты, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеуде кітап пен кітапхананың алатын орны ерекше. Бүгінде балаларды кітап оқуға тарту мақсатында көптеген шара атқарылуда. Балалар жылы аясында өткен барлық конкурстар, мүшәйралар, байқаулар жинақталып, биылғы жылдың шығармашылық қорытындысы ретінде кітап шығарылады, – деді Руслан Рүстемов.

Сондай-ақ, басқарма басшысы балалар әдебиетіне қалам тартқан ақын-жазушыларға облыс әкімінің Алғыс хатын табыстап, арнайы дипломдармен марапаттады.

Мерекелік кешке балалар ақындары Рахат Наурызбаева, Оразбай Қосанов, Қуат Ахетов, Ержеңіс Әбді, Алтынай Берік қатысып, балалар шығармашылығын дамыту жолдарын жетілдіру, марапаттау, қолдау туралы ой бөлісті. Қаламгерлер облыста балаларға арнап жазатын авторлар аз да болса бар екенін айтып, балалар әдебиетіне жіті назар аудару, республика кітапханаларына тарату, қаламақыны реттеу, кітапты шығару қаржысын жолға қою үшін қамқорлық қажетін жеткізді.

Іс-шара барысында кітап көрмесі таныстырылды. «Еркем-ай балапан» балабақшасының балдырғандары «Қызыл телпек» ертегісін сахналап, «Қарақат» мектеп студиясының бишілері «Қазақ биін», «Сыр еркесі» балабақшасы бүлдіршіндері «Балбырауын» биін орындады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<