Баланы патронаттық тәрбиелеуге алу

730

0

Егер сіз қандайда жағдайларға байланысты бала асырап ала алмасаңыз, онда баланы патронаттық тәрбиелеуге алып көріңіз. Ал, біз баланы патронаттық тәрбиелеуге алу және оны асырап-бағуға ақшалай қаражат тағайындауды онлайн рәсімдеу жолын #oqy&toqy айдарында көрсетеміз.


Egov.kz порталына кіріңіз;


:pushpin:Порталдың қызметтер тізіміндегі «Отбасы» бөлімінен «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» қызметін табыңыз;


:pushpin: Қызметті онлайн сұратыңыз

:pushpin: Бірінші қадамда сұратылған мәліметтерді толық толтырып шығыңыз;


:point_up:Егер сіз некеде болсаңыз, жұбайыңыздың ЖСН нөмірін көрсетуіңіз керек.

Ал жұбайыңыз ЭЦҚ арқылы жеке кабинетінен он күн ішінде келісімін беруі шарт.


:pushpin: Екінші қадамда сіздің және жұбайыңыздың денсаулық жағдайы және сіздің біліміңіз туралы ақпараттардың скан көшірмелерін порталға жүктеу арқылы көрсетіңіз;


:pushpin: Сіз жайлы қылмыс жасау мәліметтердің жоқтығы  мен жұбайыңыздың электронды келісімін алуға рұқсат беріңіз;


:pushpin:Үшінші қадамда, жүйеден сұратылған мәліметтер порталға шыққанша жаңартыңыз. Мәліметтер 10 күнге дейін жаңартылуы мүмкін;


:pushpin:Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;

:round_pushpin: Қызметті онлайн сұратқанда сізге төмендегі құжаттардың скан көшірмелері немесе электрондық нұсқалары қажет болады:


:paperclip: Қызмет алушының, егер некеде тұрса оның; жұбайының да денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психатриялық диспансерлерде есепте тұрмағаны жөнінде анықтамалар;


:paperclip:Қызмет алушы некеде болса, онда оның жұбайының нотариус арқылы расталған келісімі;


:paperclip: 2008 жылға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі;

:paperclip: Өтініш беруші отбасының жеке меншігінде тұрғын үйі болмаса, тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттар;


:paperclip: Өтініш берушінің білімі туралы мәліметтер;


:paperclip: Баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.

:round_pushpin: Қызметтің нәтижесін 10 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<