БАЛАНЫҢ ЖЕТІСТІГІ – ҰЖЫМ МЕРЕЙІ

322

0

Жуырда А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық «Жүрек жылуы» атты өнер фестивалі өткен болатын.

Мүмкіндігі шектеулі балалар бұл күні ерекше қуанышта болды. Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған шараға «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы»  атынан «Жас дәурен» тобының қызмет алушылары көркем сөз жанры бойынша Фархад Жетпісбаев Қ.Асановтың «Ауыртпалық түспесін қазағыма» атты өлеңін мәнерлеп оқып, І орынға ие болды. Ән жанрынан Мырзалы Серікұлы «Ұлы дала» әнін әуелете шырқап, бас жүлдені иеленді. Күндізгі бөлімнің «Шапағат» бишілер тобы үнді биін билеп, ІІ орын алып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мың бұрала билеген бишілерге сыйлықтар беріліп, алғыс хаттармен марапатталды.

Жыл сайынғы дәс­түрлі рес­публикалық, облыстық кон­курстарға қатысып, қызмет алушы­лардың үлкен жетістіктерге же­туіне орталықтың бас­шы­лық тарапынан қол­дау көрсетіліп ке­леді. Өмірге деген құлшынысын арт­ты­рып, әр баланың жүре­гінен орын таба біл­ген психолог ма­ман­дардың, өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып жүрген музыка мұғалімі М.Балманов­тың жасаған ықпалы мол. Жүйелі жұмыс жүргізуді басты назарда ұстаған, бала бойында танымдық көзқарасын қалыптастыра білген дефектолог-мұғалімдер Ж.Ниязбекова, К.Қалмаханова, З.Ахметова, өз-өзіне қызмет етуге тұрмыстық дағдыларына бейімдеген тәрбиешілер Ж.Кенжебаева, И.Досымбетова, А.Сағынтай, т.б педагог­тардың еңбегі елеулі.

Балалардың шығар биігі, болашаққа сенімі, күтер үміттері алда.

С.Есінтаева,

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 

балалар орталығының сихолог маманы.

Ж.Ниязбекова

 дефектолог- мұғалім.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<