Бар қазақтың Өзбекәлісі

1421

0

Халқымыздың біртуар азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт жанашыры, өнер мен мәдениеттің озық үлгілерін, салт-сана, қазақы дәстүрді дамытудың айрықша үлгісін көрсеткен Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл толуына орай жер-жерде игі шаралар өткізілді.

Қазақстанның алғашқы астанасының бірі қасиетті Сыр өңірінің орталығы Қызылордамыздағы көрікті көшелердің біріне Ө.Жәнібековтың портрет-билборды ілінді. Облыстағы өткізіліп отырған мәдени жиындарда қазақ мәдениеті мен өнері үшін айырықша еңбек еткен үлкен тұлғаның адами қасиеттері жайында әңгіме өрбітіп жүрген жайым бар. Кешегі заманда Қазақ тілі туралы заңының қабылдануы, Наурыз мерекесінің ортамызға қайта оралуы, Ленинградтағы Эрмитаждағы тай қазанның Түркістанға әкелуі, Қожахмет Яссауи кесенесін қайта жаңғыртуға айырықша үлес қосты.

Ұлы қайраткер Темірбек Жүргеновтың мәдениет пен өнердегі, ғылым мен білімдегі идеология саласының жалғастырушысы әрі ізбасары бола білді.

Қазақстан комсомолы орталық комитетітің бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков даңғайыр декан, екі мәрте еңбек ері Ыбырай Жақаевтың қасиетті қара кетпенін жастар бригадаларына тапсыру рәсіміне қатысты. Сыр өңірі Байқоңырдан ғарышқа ұшқан екінші космонавт Герман Титовты Мәскеуге жұлдызды қалашыққа арнайы барып, Г.Титовты Қазақстанға алып келді. Қармақшы және Шиелі аудандарында халықпен кездесті. Қазақ елі, оның тарихы, болашағы жайында әңгіме болды. Ғарыш батыры және Ы.Жақаев атаның арасында үйлесімді сөз болды. Иә бұны ұйымдастырып отырған Ө.Жәнібеков еді. Үлкен тұлғалардың жанында сол кездегі Обком бірінші хатшысы Хасен Бектұрғанов, облыс жастар жетекшісі Абылай Айдосов болды.

Бұл да – тарих. Рухани құндылықтардың көш басында жүрген Ө.Жәнібеков есімі халқының жүрегінде ұзақ уақыт сақталады.

Ержан Уәйіс

Қазақстанның еңбек сінірген қайраткері, Ө.Жәнібеков оқыған мектеп түлегі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<