БАСТЫ ҚҰЖАТ БАҒЫТЫ

380

0

«№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы басым бағыттарды талқылаған жиын өтті. Оған «Сыр мейірімі» қоғамдық қорының төрайымы Сапура Әбдрахимова,  Тасбөгет кенті  қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ақылбек Арыс­танов, қалалық жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары Айгүл Қиясова, мекеме мамандары мен ардагерлер қатысты.

Жиында «Сыр мейірімі» қоғамдық қорының төрайымы Сапура Әбдрахимова  биылғы Жол­дауда әлеуметтік эконо­ми­­калық дамудың маңызды басым­­дықтарын жаңғырту мін­дет етіп қойылғанын айтып, ел дамуына тың серпін беретін бағыт-бағ­дарлар айқын­далғанын жет­­кіз­ді. Жаңа бағдарламалық құ­­жат қара­пайым тұрғындардың әл-ау­қатын  арттыруға бағыт­тал­­­ға­нын айтқан Ақылбек Арыс­та­нов Жолдаудағы негізгі 6 ба­­сым­дыққа ерекше тоқталып өтті.

– Жолдау, ең алдымен, мемлекет дамуын бағдарлайды, ал­дағы міндеттерді саралауға, ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді, – деді.

Мұнан кейін сөз алған қала­лық жұмыспен қамту бөлімі бас­шысының орынбасары Айгүл Қиясова  Елбасының тап­сыр­масына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға  дейін өсетінін айтты.  Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмектер мен жастардың  жұмыспен қам­тылуы  бағытындағы атқа­ры­лып жатқан жұмыстарды баяндады.

  Жиын соңында жиналғандар өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Сара АДАЙБАЕВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<