8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Адамзаттың асылы – Ана деген құдірет» тақырыбында ұйымдастырылған мерекелік шараға батыр аналар арнайы шақырылып, құрмет көрсетілді. Мереке иелерін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Алиев құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Кездесуде 10 баланың анасы, 27 немере мен 44 шөбере, 4 шөпшектің әжесі, еңбек ардагері Людмила Михайловна мен саналы ғұмырын ауыл шаруашылық саласына арнаған ардагер, бүгінде 10 бала, 50 немере, 45 шөберенің әжесі Тәшенова Ажаркүл сөз сөйлеп, ақ тілектерін жеткізді. Сонымен бірге Аққұм ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Жүсіпбекұлы мерекелік құттықтауын жолдады.
Аудан өнерпаздары ақжаулықты аналардың құрметіне мерекелік бағдарламасын ұсынды.
Шара соңында мерекелік қабылдауға қатысушылар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасымен естелік суретке түсіп, гүлдер мен сыйлықтарға ие болып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<