БАЙҚАУДАН ОЗҒАН БАҒДАТ

383

0

«Атамекен» ҰКП мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі фото және бейнежазба байқауын  жариялаған болатын. Бұл конкурс туған өлкесінің қара тасын ақ мамықтай көріп сүйетіндер  мен суретке түсіріп, видео таспалауды ұнататындарға арналды.

Шараны ұйым­дасты­ру­шы­­лар байқауға қатысу үшін ке­ре­мет фотограф болудың міндетті емес екендігін, ұшқыр қиял мен танылмаған «бұлақ көздерінің» бағамдалатынын айтқан-ды.
18 тамызға дейін жал­ғасқан байқауға республика көлемінен мыңнан астам та­лап­тының 2 мыңнан астам туын­дысы түсіпті. Қас-қағым сәттің қайталанбас құдіретін өрнектеген өнер иелерінің ішінде суретті ұялы телефонмен түсіргендер де кездескен. Соған қарамастан, су­­рет және бейнежазба ісі­не қызығушылардың көп еке­ні қуанарлық жағдай. Қаты­сушылардың жұмысын кәсі­би сарапшылар бағалап, жеңім­паздарды анықтап берген.
Бұл байқауға біздің облысымыздан – Б.Есжанов, Н.Нұржаубай, журналист М.Бай­ходжаев және қала тұр­ғыны Н.Бәйменов секілді фо­то­суретшілер қатысып, туын­дыларын әлеуметтік желі ар­қылы ұсыныпты.
Сараптау бойынша мың­нан жүйріктер дарала­нып, жер­лесіміз, облыс әкі­мі бас­пасөз қызметінің фото­су­ретшісі Бағдат Есжанов мара­патталғандар арасындағы үз­­дік алтылыққа еніп, жеңім­паз атанды.
14 облыс, 3 қаланың ішінен тек 9 өңір қатысушыларының озық шыққанын айта кету де артық болмас.
Жақында облыстық кәсіп­керлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Палата алаңында жеңісті жер­лесімізді құттықтап, байқау ұйымдастырушыларының сый­лы­ғын табыс етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<