Бензема «Алтын доп» иегері атанды

921

0

Франция құрамасының шабуылшысы Кәрім Бензема «Алтын доп» иегері атанды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Басылым мәліметінше, ойыншы спорттық карьерасында бұл марапатты алғаш рет алған.

«Реал» капитаны өткен жылы Ла Лигада өткізген 32 матчта 27 гол салып, 12 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Чемпиондар Лигасында алаңға 12 рет шығып 15 гол соқты. «Бланкос» сапында Испания біріншілігін жеңсе, Чемпиондар Лигасының финалында «Ливерпульді» ұтты. 

Осыған дейін француз футболшыларының ішінде «Алтын допты» Раймон Коп (1958), Мишель Платини (1983, 1984, 1985), Жан Пьер-Папен (1991) және Зинедин Зидан (1998) алған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<