Берік Уәли жаңа үкіметті құру қашан басталатынын айтты

217

0

Фото: ашық дереккөз

Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли Премьер-министр мен Үкімет мүшелерін тағайындау рәсімі туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Конституцияға сәйкес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Amanat» басқарушы саяси партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.

Кандидатура мақұлданған жағдайда Мемлекет Басшысы Премьер-министрдің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс мақұлдаған жағдайда Президент жаңа Премьер-министрді қызметке тағайындайды. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын қалыптастыру процесі басталады, – деді Берік Уәли.

Еске сала кетейік 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

Бүгін Президент Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<