Бес ауылдың бүгіні

508

0

Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов халықпен кезекті есепті кездесуі жалғасуда. Кестеге сай кездесу Сыр беткейдегі ауылдардан басталды. Бүгін 5 ауылдың тыныс – тіршілігін түгендеп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдап қайттық. Алдымен аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, меже мен міндетті айқындап, нақты тапсырмаларды түгендеді. Елдің ұсыныс – пікірлерін ескеріп, осыдан 3 ай бұрынғы кездесудегі көтерілген мәселелерге жауап берді.

Жалпы Сыр беткейдегі ағайынның негізгі күнкөріс көзі ауылшаруашылығы саласы. Ерте көктемнен қара күзге дейін егін басында болып, қыс бойы төрт түлігін төлдетіп, тіршілігін жасайтын шаруалардың айтары көп емес. Басым көбі аяқ суды қозғайды. Ал, инфрақұрылым, оның ішінде жол, ауыз су, жарық және газ мәселесі кезең – кезеңімен шешілуде. Әсіресе, жарық мәселесі ғаламат жоба болғалы тұр.

КӨКТӨБЕДЕ ТІРЛІК КӨП

Аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов пен аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Сопбеков бастаған делегат алдымен шалғайдағы ауыл Көктөбеге жол жүрді. Тарымен танымал аядай ауылда шаруа аз емес. Бұл жолы сұралған сауал ауылдағы әкімшілік ғимараты, кітапхана мен клуб үйінің мәселесі болды. Бұл бойынша аудан басшысы апатты деп тану керек, нақты құжат болса қаражатын қарастыруға жұмыс жасауға уағдаласты. Өйткені, үш бірдей нысанның жағдайы расында мәз емес. Сондай-ақ, бұл ауылға ойын алаңқайы мен ағаш отырғызу аймағын қоршалауға қаржы қаралған. Мектептегі балалар тамағына қатысты да мәселелер қозғалды.

ҚАНДӨЗГЕ ДӘРІГЕР КЕЛЕТІН БОЛДЫ

Шыны керек, биыл Қандөз ауылында жұмыс жетерлік. Кіре беріс көше реттелуде, жарық жүйесі жақында жаңғыратын болады, спорт кешенге және Қалғансырға барар жол да реттеледі. Сондай-ақ, Нәзір Төреқұлов атына арнайы аллея салу идеясы да мақұлдануда, инвестиция да құйылуда. Ең бастысы, ауыл халқы қаншама жыл асыға күткен дәрігер табылды. Енді тек жұмысқа ресми қабылданса болғаны, бұл да шешілген бір мәселе. Басқа да мәселелер рет-ретімен реттеледі…

ҚАРАТӨБЕГЕ АМБУЛАТОРИЯ САЛЫНАДЫ

Биыл Қаратөбе ауылына амбулатория салынып, ел игілігіне беріледі. Сондай-ақ, жарық, полигонның қоршауы, жаяу жүргіншілер жолын салу да жоспарда бар. Қазыналы қариялар жер сұрап, одан қала елге еңбегі сіңген ардагерге көше атын сұрай келіпті. Өзге де мәселелер қағазға түртілді. Ең бастысы, биыл ауыл әкімін сайлауы болады. Осы науқанға ауыл белсенді болуы керек.

– Биыл аудан бюджеті 20 млрд-қа жетті. Бұл өте үлкен қаржы, жасалынып жатқан және жоспарланған жобамыз жетіп жатыр. Барлығын кезең-кезеңімен шешумедіз. Көптің тілеуі болған көгілдір отыны биыл екі ауылға қосылса, жыл соңына дейін тағы 5 ауылдың газ құрылысын бітіреміз. Келер жылға тағы бес ауыл, осылай айналдырған 3-4 жылдың аудандағы барлық ауылға газ жеткізуді мақсат етудеміз. Сондықтан барлығын сабырмен, шүкіршілікпен күтуіміз керек. Құдай қаласа барлық мәселенің де шешімі бар, тек уақыт есебіне түйіндейік, – деді аудан әкімі.

КЕЛІНТӨБЕ КӨШЕЛЕРІ РЕТТЕЛЕДІ

Биыл Келінтөбе ауылдық округінде 6 бірдей көше жөнделетін болды. Тротуар салынады, жарық мәселесі жөнделеді. Көпірдің жай-күйі мен аяқ су мәселесі қозғалды. Одан бөлек, ұсақ-түйек мәселелер көтерілді… Апанғаққа аяқ су жеткізілсеАққорғандық ағайын Апанғақ елді мекеніне егін егу үшін аяқ су жеткізіп берсе деген тілегін жеткізді. Одан кейін, канал қазу мәселесін қозғады…

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<