Білікті кардиологтар тәжірибе алмасты

753

0

Бүгін көп бейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КЕАҚ мамандары көп бейінді кардио орталық мамандарымен кездесті.

Кездесуге аурухана директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жаңыл Исақызы Абубакирова қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 05.11.2021 жылғы №713 «Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығын орындау мақсатында ұйымдастырылған.

ҚР «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КЕАҚ ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс департаментінің үйлестірушісі Сәуле Талғатқызы Шайсұлтанова «Әлеуетті донордың туыстарымен әңгімелесу аспектілері» тақырыбында мол мағұлмат берді. Сондай-ақ «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» КЕАҚ анестезиология, реанимация қарқынды терапия бөлімшелерінің меңгерушісі Иван Вахрушев «Мидың қайтымсыз өлімі туралы мәлімдеме» атты дәріс өтті. Шара соңында әріптестер өзара пікір алмасты.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<