Біліктілікті арттыру курсы

39

0

«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен 13-22 маусым аралығында өңірде ауыл әкімдерінің білімін жетілдіруге арналған көшпелі оқу семинары өтті. Оқу курсына облыстан 141 кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен партия филиалдарының Атқарушы хатшыларын қамту жоспарланған болатын. Апта басында  ауыл әкімдерінің 19-ы оқу курсын сәтті аяқтады.

Белсенділер марапатталды

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова республикалық референдум қорытындысы бойынша облыстық штаб құрамында белсенділік танытып, референдумның сәтті өтуіне атсалысқан партия белсенділері мен жақтастарына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың, партияның Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың Алғыс хаттарын табыстады.

Науқан кезінде өңірде партия филиалдары жанынан 9 штаб құрылып, 100 мыңнан астам азаматты қамтыған 700-ден астам іс-шара ұйымдастырылған.

Мектеп-интернаттарының ахуалы қалай?

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында облыс бойынша арнайы және мектеп-интернаттарда оқитын балаларға жасалған жағдай сонымен қатар, аутизм және аутизм спектр бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасау мәселелері талқыланды.

Жиын барысында арнайы кітап таныстырылып, даму ерекшеліктері түрлі балалармен жұмыс жасайтын қызметкерлерге, мемлекеттік мекемелерге және кітапханаға таратылды.

Мектеп құрылысы бақылауда

Партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан «Бәйтерек» шағын ауданындағы 600 орындық мектеп құрылысына бақылау жасап, мердігер мекеме басшыларына анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар берді. Сондай-ақ құрылыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуын қатаң тапсырды.

Көшпелі қабылдау

Партияның облыстық филиалына  ауызсу мен электр жарығына қатысты қаладағы  К.Нұрекешов  көшесінің бір топ тұрғындары атынан өтініш түскен болатын. Тұрғындар өтініші бойынша партия филиалының мамандары тұрғындармен кездесіп, мән-жайға қанықты. Тиісті жұмыстар жасалуда.

Азаматтар өтінішпен келді

Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Аида Әбибуллаева, облыс бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының басшысы Жандос Сәрсенбаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қызылорда қаласындағы басқарма басшысы  Ләззат Темірова кестеге сай қабылдау өткізіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдады. Қабылдауларға 10-ға жуық азамат өтінішпен келді.

***

Осы аптада партия тарапынан түрлі форматтағы 51 қоғамдық-саяси іс – шара ұйымдастырылды.