БІР МИНУТ ҮНСІЗДІК індеттен қайтыс болғандарға арналды

199

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен 13 шілде  – Қазақстан Республикасында коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу және жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Кеше аймақта

1 минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті.

Рәсім 4 жерде ұйымдастырылды. Облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңдағы рәсімге облыс әкімі Гүлшара Әбді­қа­лықова және орынбасарлары, аппара­т басшысы, облыстық арда­герлер кеңесінің төрағасы, Рәміз­дер алаңындағы шараға полиция қызметкерлері, облыстық медициналық орталығы алаңындағы еске алу шарасына дәрігерлер және Қорқыт ата атындағы университетінің бас оқу ғимаратының алаңындағы рәсімге ректордың орынбасарлары, ардагер ұстаздар, кәсіподақ және жастар ұйымының төрағалары қатысты.

Мемлекеттік органдардың, Қорқыт ата атындағы университеттің өкілдері, поли­ция қызметкерлері мен дәрігерлер қа­за болған адамдарды құрметтеу мен еске алу белгісі ретінде қаралы таспа тақты.

– Короноавирус пандемиясы кезінде қайтыс болған отандастарымыздың әрбірінің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Барлығымыздың жанымызға батып отыр. Ақ халаттылардың сақтық шараларына қатысты айтқан ақыл-кеңестерін орындап, өзімізді және қоғамды бұл індеттен сақтауымыз керек. Барлығы өз қолымызда, – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Пазылбек Нәлібаев.

«Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес аза тұту күні облыс бойынша мемлекеттік органдардың ғимараттарында мемле­кеттік ту төмен түсірілді.

Дәулет Қырдан,

«Сыр бойы»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз