Бір түп қамыс бір құлақ суды ұстамас үшін…

279

0

сурет ашық дереккөзден

Көктем келіп, күн жылт еткелі диқан қауым дала қосына шығып, егін егуге қам жасай бастады. «Бір түп қамыс бір құлақ суды ұстайды» деген ілгерідегілер тәмсілін еске ұстаған шаруа қожалықтары су жолдарынан тазалап, келешекте судан кедергі болмауын осы бастан ойластыруда. Осы орайда Жаңақорған ауданы диқандарының да қимылы қауырт. Оңтүстік аудан диқандары биыл 36026 гектарға түрлі дақыл егуді жоспарлап отыр. Бұл былтырғы жылғыдан 311 гектарға артық. Былтырғы күз айларында 7 300 гектар сүдігер айдалса, 2700 гектар жерге күздік бидай себіліп, күтімге алынды.

– Егіс көлемін таратып айтар болсақ, күріш 6035 гектар, күздік бидай 2700, жаздық бидай 250, ал жаздық арпа 30, тары 276, дән жүгері 1 100 гектарға егіледі. Сондай-ақ мақсары 1 600, күнбағыс 46, жаңа жоңышқа 4 450, ескі жоңышқа 16 296, сүрлемдік жүгері 22 судан шөбі 8, картоп 497 гектарға орналастырылмақ. Көкөнiс пен бақша дақылдарын да межелі жерге егу жоспарланып отыр, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев. – Тұқым тазалау жұмыстары да өз дәрежесінде жүргізілді. Мәселен, биыл 1825 тонна күріш тұқымы қажет болса, оның басым бөлігі тазаланып үлгерді. Сыр салысының сұрыпына келер болсақ, атап айтқанда 1330 тонна «Лидер», 495 тонна «Сыр сұлуы» және «Ай-Керім», «Маржан» сорттары егілетін болады.

Осы жерде назарға алатын бір нәрсе, ауданда ауыл шаруашылығымен айналысатын жалпы 781 шаруашылық құрылымы бар болса, оның 460-ы егін шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде 234 шаруашылық – күріш дақылын өсірумен көптен шұғылданып келе жатқан құрылымдар.

Ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының мәліметінен тағы да қосымша білгеніміз: 2024 жылдың егіні үшін 4567 тонна минералды тыңайтқыштар қажет, оның 3085 тоннасы тасылып алынған. Сонымен бірге арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Кейінгі жылдары ағын судың тапшылығы болатыны алдын ала ескертіліп, диқан қауымын біраз әбігерге салып отыр. Осы орайда су жүйелері жолдарының тазалану мәліметін де білгіміз келді. Былтыр  облыстық бюджеттен бөлінген 66,5 млн теңге қаражатқа 2 каналдың 18,8 шақырымы тазаланса, су тапшылығының алдын алу мақсатында су жүйелерін тазалау жұмыстары үшін ауданнның шұғыл шығындарға арналған резервінен биыл күріш егісімен айналысатын 8 ауылдық округтен 52,6 шақырымдық 12 каналға 28,930 млн. теңге бөлініп, «Аққорған», «Қожакент», М.Нәлібаев ауылдық округтеріндегі каналдар толығымен тазаланды. Қазір бұл жұмыстар «Жаңарық», «Қыркеңсе» ауылдық округтерінде жалғасуда. Қалған жұмыстар көктемгі егін науқанына дейін, яғни 15 наурызға толық аяқталады.

Биыл республикалық бюджеттен 488 млн теңге қаржы бөлініп, «Келінтөбе» магистральді каналын қосымша сумен қамту үшін ұзындығы 6,1 шақырым жаңа канал қазылуда. Ал су шаруашылығы мекемесі арқылы Тайпақкөл каналынан 3 шақырым, Келінтөбе магистральді каналының 1,4 шақырымы тазалануда.

Аудан бойынша барлығы 37 насос қондырғысы керек кезінде іске қосылуға дайын. Оның 28-і дизельді, 9 данасы электр қуатымен жұмыс істейді.

Сондай-ақ күріш егілетін танаптардың 1000 гектарға жуығы лазерлі тегістеуден өтеді. Бұл атқарылатын шаралардың барлығы вегетациялық кезеңде су үнемдеу процестеріне негіз болатыны анық.

Су тапшылығына орай күріш көлемін қысқарту бағытында аудан әкімдігі тарапынан 2 рет ауылдық округтерді аралау кестесі бекітіліп, тиісінше жұмыстар әр округ бойынша талдамалы түрде атқарылды. Осы түсіндірме барысында шаруаларға су баруы қиын жерлерге күріш екпеу жөнінде ескертпе хаттар беріліп, керісінше суды аз қажет ететін әртараптандыру дақылдарын егу жөнінде кеңестер айтылған.

– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйке сөткен жылы 295 гектар жер жаңадан ашылып, отбасылық егістіктерге берілсе, биыл бұл көлем 320 гектарға артқалы отыр. Нәтижесінде ауылдық округтер бөлінісінде 805 адам дайындалға негістік жермен қамтамасыз етіледі. Суаруға қажетті дизельді және электрлі су насостары жеткілікті, – дейдіТалғатЗейдалиев.

Бүгінгікүнгетехникалардыңбарлығыжөндеуденөткен. 

Өткен жылы ауданның шаруашылық құрылымдары 2 комбайн, 16 трактор, 7 жүктиегіш, 10 пресс подборщик алды. Биыл шаруашылы ққұрылымдары өз қаржысы есебінен және «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 43,9 млн теңгеге 3 техника алса, 306 млн теңгеге 26 дана ауыл шаруашылығы техникаларын жаңадан алу жоспарлануда.

Жаңақорған ауданының ауылшаруашылық құрылымдары көктемнің әр күнін тиімді пайдаланып, түрлі дақылдарды өз мерзімінде орналыстырып алуға бекініп отыр.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Жаңақорған ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<