Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

265

0

Құрметті қызылордалықтар!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы «Егемен еліміздегі барлық этностық топ өкілдері біртұтас Қазақстан халқын құрайды. Біз достық пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың арқасында зор жетістікке жеттік» деп атап өтті.

Бұл мерекеде еліміздің барлық тұрғындарының ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірінің жарқын көрінісі дәріптеледі. Ал бейбітшілік, тұрақтылық және келісім – мемлекетіміздің негізгі ұстанымы. Атаулы күн әрбір қазақстандықтың Отанға сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін, азаматтық борыш туралы түсінігін орнықтырады.

Татулық туын биік ұстаған Сыр елінде 35 этнос өкілдері өмір сүреді. Облыстық ассамблея жанында 11 этномәдени бірлестік бар. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақстан халқы ассамблеясы» орталығы да өзара түсіністіктің, ынтымақтың салтанат құруына өзіндік үлес қосып келеді.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің баға жетпес байлығымыз! Оны сақтау, нығайту жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті.

Бүгінде елімізбен бірге аймағымыз да экономикалық, әлеуметтік, рухани тұрғыдан ілгерілеуде. Бейбітшілік пен татулық, жұдырықтай жұмылған бірлік  бізді бұдан да жарқын, баянды болашаққа бастайды.

Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы берекелі тірлігіміз жалғаса берсін!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<