Бірлескен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жоспары белгіленді

530

0

Қызылорда «Болашақ» университеті 2014 жылдан бастап  Чехияның Vědecko vydavatelské centrum «Sociosféra-CZ» баспасы және Ресейдің «Социосфера» ғылыми-баспа орталығымен ынтымақтастығы негізінде бірнеше халықаралық ғылыми конференциялар өткізіп келеді. Сол жылдардағы бұл бастама қазақ тіліндегі көптеген зерттеулердің Прага қаласында ұйымдастырылған конференция жинақтарында жариялануына көмегін берді. Осы 9 жыл ішінде баспа «Болашақ» университетімен бірлесе отырып «Қазіргі шарттардағы тәрбиенің мақсаттары, міндеттері мен құндылықтары», «Адам мен қоғам қауіпсіздігі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың мәселесі ретінде», «Қазіргі әлемдегі жарнама: тарих, теория және тәжірибе» және «Білім беру жүйесіндегі PR-технологиялар және ақпараттандыру: ахуалы мен болашағы» атты конференцияларды жыл сайын бірнеше рет өткізді.

2023 жылдың мамырынан бастап конференция жинақтары Ресейдің Пенза қаласында жариялана бастады. Осы бастама негізінде Қызылорда «Болашақ» университеті 2024 жылы «Социосфера» ғылыми-баспа орталығының базасында өтетін 8 Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастырушылары болып отыр:

Қоғамды ақпараттандыру: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және халықаралық аспектілер – 15-16 қаңтарда өтеді;

Еуразия халықтары: тарихы, мәдениеті және әрекеттестік мәселелері – 5-6 сәуірде өтеді;

Ақпараттық-коммуникациялық кеңістік және адам – 15-16 сәуірде өтеді;

Мәдениет, өркениет, қоғам: зерттеу парадигмалары және әрекеттестік үрдістері – 28-29 сәуірде өтеді;

Қазіргі шарттардағы тәрбиенің мақсаттары, міндеттері мен құндылықтары – 13-14 қазанда өтеді;

Тұлға, қоғам, мемлекет, құқық: өзара қатынас және әрекеттестік мәселелері – 15-16 қазанда өтеді;

Бәсекеге қабілетті маман даярлау заманауи білім берудің мақсаты ретінде – 20-21 қарашада өтеді;

Экономика мен басқаруды дамытудың мәселелері мен перспективалары – 3-4 желтоқсанда өтеді.

Конференция жинақтарындағы зерттеулер философия, әлеуметтану, география, өнертану, геология, тарих, мәдениеттану, медицина, педагогика, саясаттану, құқық, психология, техника, филология, экономика, информатика, экология және дінтану салаларын қамтиды. 2024 жылы өтетін конференциялардың ұйымдастыру комитеті құрамында «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов және университетіміздің интернационализациялау және инновациялық даму жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты Г.И. Арғынбекова бар.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<