Біздің аймақтағы үздіктер

163

0

         Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер саласының ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2022» фестивалінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.  

         Қазылар алқасы еліміздің 17 өңірінен келіп түскен кітапхана, мәдени ойын-сауық, музей саласы бойынша үздіктерді анықтады. Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың қолынан марапат алған үздіктер қатарында «Үздік аудандық маңызы бар музей» номинациясы бойынша облыстық тарихи- өлкетану музейінің филиалы Арал ауданық тарихи-өлкетану музейі «Балықшылар бөлімі» жеңімпаз атанды.

         − Ашылғанынна он жыл болған музей жоғары жетістікке жетіп отыр. Алғашында 117 экспонат болатын. Қазір музей қорында 2116-дан аса құнды жәдігерлер бар. Экспонаттардың төлқұжаты, түгендеу картасы халықаралық «Музеолог» бағдарламасына енген.  Балықшылар өмірінен сыр шертетін музей аудан қонақтарының қызыға тамашалайтын орнына айналды,  − дейді  «Балықшылар музейі»  бөлімінің меңгерушісі Айбек Медетбаев.

         Байқауда үздік атанған тағы бір мекеме  «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық кітапханасы.  Үздік атанған екі ұжымға да министрлік  бір миллион теңге сыйақы берді.  

         − 45  жылдай  тарихы бар  Аққұм ауылдық кітапханасы  1976 жылы құрылды. Кітапхана  676 дан астам  оқырманға қызмет көрсетеді.  Кітап қоры  18 962 дана.Кітапханашы Ақтоты Көшекбай белсенді жас маман ретінде  әдебиет пен оқырман арасына алтын көпір салған. Еңбегі еленіп, мерейімізді үстем етті, − дейді Аққұм ауылдық клубының басшысы Гүлжайна Айтжанова.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<