Бизнестің келешегі – онлайн банкингте: FORTEBANK құрған цифрлық әлем

2591

0

Ел экономикасына цифрлық процестерді енгізу барысында отандық банк саласы ұсынып отырған онлайн өнімдер клиенттер үшін таңсық дүние емес. Депозит ашудан бастап, төлем жасау, есеп шотын ашу, кредит алу, карточкаға тапсырыс беру сынды дәстүрлі қызметтердің онлайн нұсқадағы ептілігіне банк клиенттері бүгінгі күні әбден үйреніп алған.

Немістің Statista бизнес порталы келтірген мәліметтерге жүгінсек, жаһандық пандемия басталғалы әлемдік цифрлық нарықтағы транзакциялар ауқымы 2019 жылмен салыстырғанда 81%-ға өскен. Ал онлайн банкингті қолданушылар саны әлем бойынша 141 миллионға жеткен. Портал сарапшылары, алдағы төрт жылда бұл көрсеткіш дүние жүзі бойынша 334 миллионға дейін өседі деп отыр. Яғни, ендігі кезеңде банк бизнесіндегі негізгі стратегия– цифрлық трансформацияға келіп тіреледі деген сөз.

Өз кезегінде, жаһандық пандемияға дейін де цифрлық экожүйе құрып, дамытуды қолға алған қазақстандық ForteBank онлайн форматтағы кезекті өнімдерін жаңартып, жетілдіруге мән беруде. «Банк саласын түрлендіріп, өзгертуді міндет еткен цифрлық трансформация, бүгінде көпшілік айтып жүргендей, COVID-19 пандемиясы аясындағы қажеттілік қана емес, бұл өмір ағысы, заман талабы. Біздің өмірімізге цифрлық жүйелер мен сервистердің дендеп енуі – бізге тән тіршілік аясындағы дәстүрлі құралдар мен тетіктерді барынша жеңілдетіп, көптеген мәселелерді жеделдетіп шешуге септік етуде», – дейді «ForteBank» АҚ Қызылорда қаласындағы филиалы директорыныңзаңды тұлғаларға қызмет көрсету бойынша орынбасары Дәулет Гайдарұлы ДАУЫЛБАЕВ.

– Дәулет Гайдарұлы, ForteBussines платформасы аясында биылдан бастап қолданысқа енгізілгенForteBank-тің digital өнімдері туралы сөз қозғасақ, бұл өнімдерге тән басты ерекшелік қандай?

Цифрлық қызметтер бүгінде кез келген банктің клиенті үшін әдеттегі жағдай деуге тұрарлық көрініс.Жалпы, банктікdigital өнімдерге тән басты ерекшелік – олар жедел жүзеге асып, тиімді нәтиже береді. Өз өнімдерін цифрландыру барысында ForteBank, ең алдымен, жергілікті кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейтуді мақсат етуде. Бұл тұрғыда бізтаяуда Қызылорда өңірінде бірнеше инновациялық қызмет түрін жаңартып, қолданысқа енгіздік. Солардың ішінде, ең алдымен, Интернет-банкинг мүмкіндігін айта кеткен жөн. Бұл сервиске қазір шағын және орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер оңай қол жеткізе алады. Жалпы, біздің банк нарыққа шығарған цифрлық ұсыныстар банк клиенттерінің тілектерін ескере отырып әзірленген. Олар енді банк кеңсесіне келмей-ақ,онлайн негізде банктен шот ашып, өз қаржыларына қатысты барлық операцияларды қашықтан басқара алады.Клиенттерді кредиттеу сервистерін цифрландыруда Forte Business ұсынып отырған тағы бір тиімді бағыт – жеке кәсіпкерлерге арналған онлайн кредиттер. Нақтырақ айтсам, Online овердрафт және POS терминал айналымдары бойынша online овердрафт.

  • Осы өнімдерге қысқаша тоқталсақ…
  • Оnline овердрафт – айналым қаражатын толықтыруды мақсат ететін кредит өнімі. Айталық, банк клиентінің шотындағы меншікті қаражаты жеткіліксіз болса, келісімшарттар бойынша шұғыл есеп айырысу үшін ол осы кредит түрін онлайн негізде пайдалана алады.
  • Бұл тұрғыда кәсіпкерге қойылатын талап, шарттар қандай?
  • Оnline овердрафт кредитіне –кредит беру күніне дейін кем дегенде 12 ай жұмыс істеп тұрған бизнес иесі үміт арта алады. Сол сияқты, кредит алушы кәсіпкер банкке соңғы 12 айдағы кредиттік тарихын ұсынуы тиіс.  Міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі болмауы шарт.
  • POS терминал айналымдарына қатысты овердрафт та онлайн түрде ғой?
  • Иә, оnline овердрафт кредиті POS-терминал айналымына қарай беріледі. Бұл тұрғыдағы кредит сомасы 500 мыңнан 5 млн теңгеге дейін. Негізгі шарттардың ішінде, мысалға, жеке кәсіпкердің бизнес қызметі кредит алуға өтінім берген сәтке дейін кем дегенде 6 айды қамтуы тиіс. Әрине, бұл арада да қарыз берешегі болмауы шарт және мемлекеттік не өзге де ақпараттық ресурстарда жағымсыз сипаттағы мәліметтердің болмауы ескерілгені жөн.
  • Овердрафт кредиттерін рәсімдеу үшін қандай құжаттар керек?

Бұл ретте, ең алдымен, электронды цифрлық қолтаңба жарамды болуы тиіс. Кәсіпкер банк сайтында өтінім толтырып, қалдырса болды, банк қызметкерлері өздері хабарласып, тиісті талап, шарттарды түсіндіріп береді. Мақсатты аудитория – «ForteBank» АҚ клиенттері болып табылатын жеке кәсіпкерлер (ҚР резиденттері). Бұл өнімдер үшін кепілдік талап етілмейді. Айтпақшы, Қызылорда өңірі бойынша Forte Business-ті дамытатын сұранысқа ие бағыттардың бірі – осы екі кредит деуге болады.

  • ForteBank-тің жеке кәсіпкерлерге арналған басқа да цифрлық өнімдері, жаңалықтары бар шығар?
  • Әрине, дәл қазір жергілікті кәсіпкерлер төмендегідей қызмет түрлері бойынша біздің банкке онлайн негізде өтінім бере алады: онлайн режимде ағымдағы шот ашу, Интернет-банкингке қосылу, депозит ашу, POS терминал орнату, еңбекақы жобасының қызметтерін онлайн қосу, банк кепілдігін алу, т.б. Сол сияқты, кәсіпкерлер ForteX арқылы валюта айырбастауды тегін жүзеге асыра алады, ал жеке кәсіпкерлер овернайт алуға онлайн негізде өтінім бере алады.Ерекше жаңалығымыз: биыл ForteBank заңды тұлғаларға арнап мобильді банкинг сервисін іске қоспақ, бұл жайында БАҚ өкілдеріне кейін толығырақ ақпарат береміз. Ескеретін жайт – бұл мобильді қосымша алдымен қазақ тілінде әзірленіп, тек содан кейін ғана орысшаға аударылмақ.

– ForteBank-тің цифрлық өнімдерін қолдану үшін жергілікті кәсіпкерлерге нені ескергені жөн?

– Біздің банк ұсынып отырған онлайн өнімдерді тиімді пайдалану үшін арнайы машық-дағды қажет емес. Тек Ғаламторжәне компьютер керек, әрине, электрондық цифрлық қолтаңба жарамды болуы тиіс.Жалпы, банктік қызметтің цифрлық форматына тән басты артықшылық – ол клиент пен оның қажеттіліктеріне көбірек көңіл бөледі. Нарық ұсыныстары мен балама нұсқаларды талдауға, салыстыруға жеткілікті ақпаратқа ендібанктермен тең дәрежеде банк клиенттері де қол жеткізіп, иелік ете алады.

– Банктік қызметтердің жаппай цифрлануы отандық бизнес үшін несімен тиімді?

– Қазақстанның банк саласындағы цифрлық  екпін, цифрлық қарқын, ең алдымен отандық бизнес пен оның аудиториясы үшін тиімді әрі пайдалы. Өйткені, қазіргі таңда есеп айырысу шотын ашу, не жылдам кредит алу үшін кәсіпкерге банкке келіп, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Банктің онлайн сервистерін пайдалана отырып, ол бар шаруасын қашықтан түгендеп, өзіне қажет қызметтерді толық әрі жедел қолдана алады. Бұл арада, сондай-ақ, өзін және жақындарын COVID-19 дертінен қорғау мүмкіндігі де өте өзекті.Банктердегі цифрлық трансформация нәтижесінде жергілікті бизнесуақыт үнемдеу мүмкіндігін тиімді пайдаланып, өз бизнесін жетілдіругебарынша мән береді. Кәсіпкерлердің мемлекеттік қызметтерге, жалпы, ел ішіндегі ақпараттық коммуникация инфрақұрылымына қол жеткізу мүмкіндігі арта түседі, егер, әрине, технологиялық  тұрғыда толыққанды жасақталған болса. Әрине, цифрландыру процесінің дамуымен бизнестің ашықтық көрсеткіші де артып, инвестиция тарту мүмкіндігі, инвестициялық тартымдылығы да өсе береді.ForteBank нарыққа шығарған барлық digital өнімдер кәсіпкерлердің өсіп-өркендеуіне, олардың жаңа деңгейге шығуына ықпал етуде. Кәсіпкерлер үшін тиімді болатын өзге де операциялық сервистерді цифрландыру процесін біз алдағы уақытта да жалғастыра бермекпіз. Бизнестің келешегі – онлайн-банкингке тікелей қатысты.

  • Дәулет мырза, қалай ойлайсыз, жасанды интеллект банк мамандарын жұмыссыз қалдырмай ма?

-Экономиканы цифрландыру аясында адами капиталға деген сұраныс, меніңше, керісінше, арта түсуі тиіс. Өйткені, алдағы уақытта банктер цифрлық заман талаптарына әбден төселіп, машықтанған жаңа буын өкілдерімен бетпе-бет келіп, өз қызметтерін солардың талаптарына сай икемдей бастайды. Сол себепті де мен банк саласына енді ғана келіп, жас маман ретінде орналасып жатқан әріптестеріме цифрлық трансформацияғабейім болыңдар дегім келеді. Бұл үшін, әрине, білім мен ынта қажет. Банк саласындағы бүгінгі жас маман білгенін ұштап, жетілдіруді ескеріп, күйзеліскетөзімді әрі командалық жұмысқа дайын болуы керек. Сондай-ақ, ол тың идеяларды алға тартып, өзінің іс-әрекеті мен шешімі үшін жауап бере алатын, клиенттермен жылы шырайлы қарым-қатынас орната білетін әмбебап маман болғаны дұрыс. Айтқандай, біздің банкте қызметкерлердің техникалық, технологиялық біліктіліктерін арттыруға арналған оқу курстары тұрақты негізде ұйымдастырылып отырады. Сондықтан да мен Қызылорда өңіріндегі кәсіпкерлер қауымына біздің банктің ForteBusiness өнімдеріне жіті назар аударып, біздің өнімдерді белсене қолдануды ұсынамын. Қажет болған жағдайда банк менеджерлері сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайын. Жалпы, банктік операциялардың цифрлық форматқа көшуімен дәстүрлі қызмет түрлері жойылып кетеді деген ұстаным жоқ. Клиентпен кездесіп, жүздесу қажеттілігі банктер үшін қай кезеңде де өзекті болып қала бермек. Ал біздің Банк үшін басты талап –клиенттің таңдауы, клиенттің сұранысы және клиенттің қолайлығы үшін дегенге саяды.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентігі
«ForteBank» АҚ-ға 03.02.2020 ж. берген №1.2.29/197/36 лицензия

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<