Білім саласы тұрақты даму үстінде

824

0

Білім саласында биылғы оқу жылында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында Қармақшы ауданы бойынша 32 білім беру ұйымы, атап айтқанда 28 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 орталау мектеп, 3 мектептен тыс және 36 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс жасайды, оның 32-сі балабақша болса, 4-і шағын орталықтар.
Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 13972 оқушы білім алады. Бұл туралы аудан әкімі Сұлтан Мақашов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. 
Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша аудан бітірушілері өз білімдерін дәлелдей білді. Биылғы жылы 652 мектеп бітірушіден 458-і (70,2%) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, орташа балл 83,7 балл көрсеткішті құрады. Бүгінгі күні 652 бітірушіден, 310 оқушы (47,5%) жоғарғы оқу орнының грантын иеленді.
Аудан көлемінде ең жоғарғы 131 балл жинаған №105 мектеп-лицейдің бітірушісі Қуандықов Ержан аса мақтанышпен атаймыз.
2017-2018 оқу жылының қорытындысымен 25 бітіруші «Алтын белгіге», 17 бітіруші «Үздік аттестатқа» ие болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<