Бокстан ӘЧ: Махмұд Сабырхан алғашқы жеңісіне қол жеткізді

456

0

Өзбестан астанасы Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақтың Ломаченкосы» атанып кеткен, Белградта өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері М.Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта мажарстандық Иштван Сакомен шеберлік байқасты.

Бірінші раундта төрешілердің төртеуі қазақстандық боксшы басым деп тапты. Екінші кезеңде Махмұд қарқынды үдетті – 5:0. Жекпе-жек қорытындысында да төрешілер бірауыздан жеңісті Махмұд Сабырханға берді.

Сөйтіп, ол келесі кезеңге өтті.

Бүгін кешкі сессияда Қазақстаннан Санжар Тәшкенбай мен Сағындық Тоғамбай өзбекстандықтар Шодиержон Меликузиев және Шохжахон Абдуллаевпен қолғап түйістіреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан үшінші болып Қамшыбек Қоңқабаевтың ширек финалға өткенін жазған едік.

Сондай-ақ Қытай қазағы бокстан әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<