Бүгін Қазақстанның 1 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

364

0

Бүгін Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2021 жылғы 7 қазанда Ақтөбе қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде»,-делінген хабарламада. Қазақстанның өзге қалаларындағы жағдай қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<