Бүгін – салтанатты ұлықтау рәсімі

532

0

Бүгін, яғни, 26 қараша күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ «Ақорданың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл туралы ҚазАқпарат БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлап отыр.

Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.

Айта кетейік, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Онда сайлаушылардың 69 пайызы немесе 8 млн 282 мыңнан астам адам өз таңдауын жасады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 адам немесе сайлаушылардың 81,31%-ы дауыс берген болатын.

РЕСЕЙ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯҒА САПАР

Келесі аптада Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге және Францияға барады.

Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметінен мәлім болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні р????есми сапармен Ресей Федерациясына барады. Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Ал 29-30 қараша күндері Қазақстан Президенті Францияда ресми сапармен болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<