«Дайындал!» Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жеңісінен кейін батыл мәлімдеме жасады

952

0

Фото: ашық дереккөз

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді (15-5) мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін өзіне жаңа бәсекелес таңдады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

28 жастағы қазақстандық промоушенде бесінші рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Жекпе-жектен кейін Шавкат Джо Роганға баскиім сыйлады, содан кейін өзінің карьерасы туралы айтты.

«Бұл жеңіске өте қуаныштымын. Қазақстандық жанкүйерлерді қуантқаныма ризамын. Әрине, титулдық жекпе-жекке жақындадым. Тағы бір-екі жекпе-жек… Бірақ қазір де атақ үшін күресуге дайынмын», – деді ол

Ол алда кіммен жекпе-жекке шыққысы келетінін де айтты.

«Өте мықты бәсекелес, бірақ UFC-де оны ешкім жеңген жоқ… Мен оны жеңдім, бірақ ол айтарлықтай ауыр болды. Ол екі келіге ауыр болды… Бұл көп. Бас тартуға құқығым болды, бірақ қабылдадым. Колби Ковингтон, дайындал. Сенің артыңнан келе жатырмын! Камару Усман немесе Леон Эдвардс жекпе-жегінен кім чемпион болады? Біреуіңіз менімен күресесіздер», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<