Демалыс күндері қар жауады – Қазгидромет

561

0


Қазгидромет 25-27 қыркүйек күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұған екі циклонның (солтүстік-батыс және оңтүстік) бірігуі ықпал етеді. Солтүстік аумақта және шығыста жаңбырдың арты қарға ұласады. Жел күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі.

«Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15 аралығында болса, күндіз 15-25-тен 10-20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде минус 3 +5 градустан плюс 3-11 градусқа дейін жылынса, күндіз керісінше +13-23-тен +3-13 градусқа дейін салқындайды. Елдің солтүстігінде және орталығында түнде термометр 2-7 градусқа төмендейді. Ал республиканың шығысында 5 градус үсік жүріп, күндіз 7-17 градус жылы болады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы күндіз 18-25 градусқа дейін жоғарылайды», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<