Демалыс күндері Қазақстанда 46 градусқа дейін ыстық болады

332

0

Қазгидромет 24-26 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады. 24 шілдеде батыста, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауы ықтимал. Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.

Ауа температурасының күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38-46 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 жылыға дейін көтерілуі болжануда, солтүстікте температураның 32-40 жылудан 20-30 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі байқалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<