ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

393

0

Облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті осы салаға қарасты мекеме қызметкерлерінің латын қарпінде жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Латын әліпбиі тілімізге серпін береді» атты жаппай диктант жазу акциясын ұйымдастырды.
Тілдерді оқыту орталығында  өткізіл­ген шараға ЗК-169/1 мекемесінен 15 қызметкер қатысты. Орталықтың оқытушысы А.Махамбетова жаңа әліп­бидің ең соңғы нұсқасымен таныстырып, ол барлығына таратылып берілді. Осыдан кейін акцияға қатысқандар елорданың 20 жылдығына орай «Астана – тәуелсіздіктің жемісі» тақырыбында латын  қарпінде диктант жазды.
Рухани жаңғыру аясындағы бұл акция алда уақытта да жалғасын табады.

Дана ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша
ҚАЖД тіл маманы.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<