Әдептілік – мемлекеттік қызметтің негізгі қағидасы

887

0

Даму кезеңімізде мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған реформалар жүргізіліп, уақыттың көші жылжыған сайын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарда барынша күшейтіліп келеді. Нәтижесінде бұл мемлекеттік қызметтің сапасының артуына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы болып табылатын жаңа Әдеп кодексі, бұл — жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды құжат. Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандарттарын бекітеді. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық, сатылмаушылық сияқты принциптерді ұстану керектігі басты орында тұрады.

Ал, Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметте өзара қатынастар мәде­ниетінің қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұзуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен сыбайлас жемқорлықтың бетін қайтаруы бірін-бірі толықтыратын фактор болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істеуі бүгінгі күннің талабы болмақ.

Яғни, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларының ұдайы ұйымдастырылып отыруын қамтамасыз ету негізгі шарт болып табылады.

 Сондықтан да мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болып табылғандықтан бұл бағытты тыс қалдыра алмаймыз.

 Әділет органдары жүйесінде әдеп нормаларын бұзбаудың, сыбайластықты алдын алу шаралары  мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық теріс қылықтар, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауын болдырмау, халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер ұсыну,  халықтың мемлекетке және мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін күшейтуге бағытталған.

 Бұл ретте, әдеп нормаларын сақтау бойынша іс-шараларды жоспарлы түрде атқарып келеміз.  

Іс-шаралардың қатарында –  мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бағыттары бойынша оқытулар ұйымдастыру, қызметкерлермен әңгімелесулер жүргізу және түсіндірмелер беру, ұжымдағы моральдық-этикалық ахуалды анықтау мақсатында қызметкерлер арасында анонимді сауалнамалар жүргізу, жадынамалар дайындап тарату жұмыстары бар.  

  Жоспарға сәйкес жиналыстар, кездесулер және семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткіземіз.

 Өз жұмысымызда мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылық жасап, жазалы болғанынан гөрі, сол құқық бұзушылыққа бармау, оның алдын алу мәселесіне басты назар аударып келеміз.  

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтау жөнінде қызметшілермен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептілік сақтауы туралы түсініктемелер беріліп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы мемлекеттік қызмет саласындағы реформа жайлы талқылаулар жүргізіліп отыр .

 Жеке адамдар арасында болсын, мемлекеттер арасында болсын, кез келген қарым-қатынас әдеп шеңберінен шықпаса ғана тиімді әрі нәтижелі болмақ. Әсіресе, мемлекет атынан сөйлейтін, яғни, мемлекеттік қызметкерлердің жүріс-тұрысы мен сөйлеу мәнері адамдардың мемлекетке, ұлтқа деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің бір өкілі. Сондықтан өз ісіңе, сөйлеген сөзіңе, жүріс-тұрысыңа жауап бере алатындай болуың керек. Сені көріп тұрып қаншалықты тәртіпті, тәрбиелі екеніңді халық сезінуі керек.  Сондықтан әділет департаментінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметте болсын, одан тыс уақытта да мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын сақтай отырып, қызмет атқару қажеттігі жайлы жүйелі түрде профилактикалық және түсіндірме жұмыстары жүреді.

Біз жаман әдеттен барынша аулақ жүруге тырысатын мамандық иелеріміз. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірлесе жасаған Pocketbook (Әдеп кодексі қойын кітапшасы) таптырмас дүние. Бұл жадынама мемлекеттік қызметшілерге Әдеп мәселесіне қатысты басшылыққа алар құрал. Онда мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақыттағы, қызметтегі, әлеуметтік желіде, БАҚ арқылы қоғамдық сөз сөйлегенде өзін дұрыс ұстауы туралы нұсқаулықтары берілген. Міне, осындай керемет жадынама  әр мемлекеттік қызметшіге берілді.

Ауқымды алдын алу жұмыстары қызметкерлердің жауапкершілік деңгейін арттыруға септігін тигізгендігін көрсетіп отыр. 2018 жыл басынан әділет департаменті қызметкерлерімен әдеп кодексі нормаларын бұзу фактілері орын алған жоқ.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050» Стратегиясында «Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру» міндетін қойған еді. Осы мақсатты іске асыруда мемлекеттік аппарат қызметінің функционалдылығы мен тиімділігін барынша жоғарылатудың маңыздылығын ерекше айтып өтті. Алдағы уақытта ел үшін адал қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің  кәсіби деңгейін жоғарылату бағытында жұмыстар атқару, тәртіптік және этикалық бақылауды күшейту, корпаративті мәдениетті жетілдіру жолында және заманауи технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру бойынша қарқанды жұмыс жасау міндеті тұр.

Мемлекеттік қызметті басқа саламен салыстыруға болмайды. Осы салада еңбек етіп жүрген қызметші арқылы бүкіл мемлекетке деген көзқарас қалыптасатынын ұғынуымыз керек.

Қ.Сапаров,

Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы,

ҚР заңгерлер одағының РҚБ-і филиалының төрағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<