Депутаттар кәсіподақ мүшелерімен кездесті

392

0

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Балайым Кесебаева, ­Дархан Мыңбай кәсіподақтар үйінде болып кәсіподақ мүшелерімен кездесті. Елбасы ұсынған бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру бағыты түсіндірілді. 

Халық қалаулысы Д.Мыңбай білім саласына ерекше тоқталса, Б. Кесебаева әр бағытқа жеке-жеке талдау жасады.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеу­меттік бастамасы еліміз үшін маңызды. Өйткені, қай бастаманы алсақ та, ел игілігі жолына негізделген. Мәселен, алдағы уақытта жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту мақсатында олардың салық жүктемесі азаяды. Сондай-ақ, “7-20-25” бағдарламасы бойынша халықты тұрғын үймен қамту мәселесі өз шешімін таппақ. Яғни, несие өсімінің мөлшері қазіргі күні 16 процент болса, бұл бағдарлама арқылы 7 проценттен аспайтын болады. Оған қоса несие алушының төлемін азайту үшін оның мерзімі 25 жылға дейін ұзартылады. Бұл халық үшін жақсы мүмкіндік деп білемін. Ал, Сыр елі үшін баспана алу мәселесі мейлінше оңтайлы жолға қойылған. Себебі, халықты тұрғын үймен қамтуда облыс көп өңірге қарағанда көш ілгеріде тұр, – деді Балайым Туғанбайқызы.

Жиын соңында қатысушылар өз ойларын білдіріп, пікір алмасты, әрі депутаттарға сауалдарын жолдады

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<