Дерт кешкендер жағалауы: Венецияға қатысты краудфандинг жарияланды

281

0

Өткен жылдың қарашасында әлем жұртшылығының назары Венецияда болды. Суда тербелген ертегі қалада болған тасқын деңгейі соңғы бірнеше жыл бойы бәсеңдемей келеді. Мұндай дәрежеде зардап әкелген апат соңғы рет 1923 жылы болған екен.   Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 2019 жылы Венеция территориясының 85%-ы суға батқан. Табиғи апат салдарынан екі адам көз жұмған. Тарихи маңызы жоғары ескі ғимараттарға да зақым келген.
Венеция мэрі Луиджи Брунаро қаланы қалпына келтіру үшін жүлдеген миллион еуро қажет болатынын айтқан. Қараша бойы оқиға ортасында жүргендер қаланың қандай хәлде екенін әлеуметтік желі арқылы жеткізіп отырды. Енді Венецияға көмектесу мақсатында краудфандинг жарияланды. Италиялық Vogue журналы ақпандық шығарылымын осы тақырыпқа арнап отыр. Оның мұқабасындағы суретке белгілі модель Виттория Черетти Protect Venice («Венецияны қорғайық») деген жазуы мен көмек қолын созғысы келетіндерге арналған шот нөмірі көрсетілген тақта ұстап түскен.
Өткен жылдың қарашасында әлем жұртшылығының назары Венецияда болды. Суда тербелген ертегі қалада болған тасқын деңгейі соңғы бірнеше жыл бойы бәсеңдемей келеді. Мұндай дәрежеде зардап әкелген апат соңғы рет 1923 жылы болған екен.   Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, 2019 жылы Венеция территориясының 85%-ы суға батқан. Табиғи апат салдарынан екі адам көз жұмған. Тарихи маңызы жоғары ескі ғимараттарға да зақым келген. Венеция мэрі Луиджи Брунаро қаланы қалпына келтіру үшін жүлдеген миллион еуро қажет болатынын айтқан. Қараша бойы оқиға ортасында жүргендер қаланың қандай хәлде екенін әлеуметтік желі арқылы жеткізіп отырды. Енді Венецияға көмектесу мақсатында краудфандинг жарияланды. Италиялық Vogue журналы ақпандық шығарылымын осы тақырыпқа арнап отыр. Оның мұқабасындағы суретке белгілі модель Виттория Черетти Protect Venice («Венецияны қорғайық») деген жазуы мен көмек қолын созғысы келетіндерге арналған шот нөмірі көрсетілген тақта ұстап түскен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<