Дезинсекция жұмыстары басталды

547

0

Бүгін Шиелі ауданында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының таралуын алдын алу мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде жүргізілетін дезинсекция жұмыстары басталып, оған ауылдық округ әкімдері, Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Алия Муталиповна, бірқатар бөлім басшылары мен аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов қатысты.

Жиында аудан әкімінің орынбасары кент және ауылдық округ әкімдеріне тиісті іс-шараларды нақты уақытылы орындап, залалсыздандыру жұмыстарының уақытылы жүргізулеріне қолдау білдіруді тапсырды. Ал, облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысы Алия Муталиповна тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын күшейтіп, тұрғын үй аумағында жиналып қалған күл-қоқыстарды белгіленген қоқыс полигондарына шығару керектігін ескертті. Бұл арқылы дезинсекция жұмыстарының тиімділігі артпақ.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шиелі ауданында 17 елді-мекен қолайсыз аймақтар қатарына енгізілген.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<