Диқандар дала қосына шықты

411

0

Биыл Сыр диқандары 195,6 мың гектар алқапқа егін егуді межелеп отыр.Оның ішінде 83,9 мың гектарға басты дақыл – күріш себілмек. Өткен жылдың күз айында 4,8 мың гектар күздік бидай егіліп, 42 мың гектарға тарта сүдігер айдалған болатын. Ал қазіргі күні 2,2 мың гектар жаздық бидай, 1,3 мың гектар мақсары, 7,4 мың гектар жоңышқа егілді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда жалпы егін көлемі 7 мың гектарға артады. Атап айтқанда, күріш 5,3 мың, малазықтық дақылдар 2,3 мың, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 222 гектарға ұлғаймақ. Әрине, егіннің қамы ең басты қажеттілік – су жағдайына байланысты. «Осыған орай вегетация кезеңінде су лимиті белгіленгеннен кейін егін көлемі қайта нақтыланады» дейді мамандар.

Облыс әкімінің тікелей бастамасымен өткен жылы тұрғындар үшін әлеуметтік маңызды дақылдарды егіп алуға арнайы жер телімдері қарастырылған болатын. Игі бастама биыл да жалғасады. Бұл мақсатта қала мен аудандарда 3 мың гектар жер дайындалмақ.

Қазірге дейін көктемгі егінге қажетті тұқым, минералды тыңайтқыш, жанармай мен техникалардың дайындығы жоспарға сай жасалған.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<