Дүние дүрмек

416

0

Фото: ашық дереккөзден

АҚШ-тан алғашқы танкер келді

Германияға АҚШ-тан сұйытылған газы бар алғашқы танкер келді. RWE энергетикалық компаниясының хабарлауынша, танкер Вильгельмсхафенде тоқтаған. Онда жақында осы мақсат үшін арнайы жаңа қалқымалы терминал ашылған болатын.

Әрі қарай жанармай газ құбыры желісіне жіберіледі. Америкалық «Sempra Infrastructure» фирмасымен келісім-шарт бойынша Германияға жылына 2,25 млн тонна газ жеткізіледі.

«Гарри Поттер» қайта түсіріледі

Warner Bros. Discovery кинокомпаниясы «Гарри Поттер» фильмдерін жаңа актерлік құраммен қайта түсіруді жоспарлап отыр. «ScreenGeek» хабарлауынша, киноэпопеяның бірінші бөлімі үш-бес жылдан кейін экранға шығуы мүмкін.

Қазіргі уақытта жоба жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде. Фильмнің жаңа түсірілімі туралы басқа ақпарат жарияланған жоқ.

Оңтүстік Корея дрон өндірісін қолға алды

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл Қорғаныс министріне жыл соңына дейін көп мақсатты дрондарды жаппай өндіру жүйесін құруды тапсырды. Юн Сок Ёл сондай-ақ жыл соңына дейін жасырын ұшқышсыз ұшақтарды шығаруды бастау үшін дамуға серпін беруді, дрондарды жою жүйесін шұғыл түрде құруды тапсырды.

Бұған дейін Солтүстік Кореяның бес дроны 26 желтоқсан күні таңертең Оңтүстік Кореяға басып кірген болатын.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<