Дүние дүрмек

270

0

Фото: ашық дереккөз

Парламент сайлауына қатыспақ

Алтайдан ауып, Гималай асқан қазақ көшінің бүгінгі ұрпағы Решиде Юксел 14 мамырға жоспарланған Түркиядағы Парламент сайлауына қатысуға бел байлап отыр.

Ол Ыстанбұл қаласының Зейтінбұрны ауданында туып-өскен. Алғашқы мектепті Зейтінбұрныда оқыған, жеті баланың ортаншысы. Бауырлары инженер, әскери қызметкер, дәрігер, фармацевт, мұғалім болып жұмыс істейді.  Өзі Ыстанбұл университетіндегі Джеррахпаша медициналық факультетін бітірген, 27 жыл Денсаулық министрлігінде қызмет атқарған.

Масктің дәулеті азайып қалды

Tesla акцияларының 11%-ға төмендеуі оның бас директоры Илон Масктың дәулетін миллиардтаған долларға кемітті.

Маск өткен аптада 14,5 млрд доллар жоғалтты, оның таза байлығы 7%-ға төмендеп, 187,9 млрд доллар болды. Бұл – осы аптадағы барлық миллиардерлер арасында жалпы және пайыздық көрсеткіш ішіндегі ең үлкен төмендеу.

Бұған Tesla инвесторларының компанияның кірістілік болжамына күмән келтіргені себеп болған, өйткені тоқсандық есеп көлік құралдарының қоры осы жылдың басында күрт өскенін көрсеткен. Дегенмен, Маск АҚШ-тағы ең бай және әлемде дәулеті жағынан екінші адам болып қала береді.

Мыңжылдық дәстүрге қайшы келсе де…

Ұлыбритания королі III Чарльз бен Англия шіркеуі дінбасыларының тәж кию рәсімін қалай ұйымдастыру керектігі туралы көзқарастары әртүрлі болып шықты.

Монарх бұл рәсімге басқа конфессия өкілдерінің белсендірек қатысқанын қалайды және бұл мыңжылдық ұлттық дәстүрге қайшы келеді.

Басылымның хабарлауынша, Чарльз III тәж кию рәсімінің барысында мұсылмандар, индустар және еврейлер христиандармен бірге Вестминстер аббаттығындағы салтанатты рәсімде өз дұғаларын оқуға мүмкіндік алғанын жақтайды.

74 жастағы III Чарльзге тәж кигізу рәсімі Лондондағы Вестминстер аббаттығында 2 мың адамның қатысуымен 6 мамыр күні өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<