«e-Salyq» мобильді қосымшасы іске қосылды

547

0

Биыл жеке тұлғалар үшін осы жылдың 1 қаңтарына дейінгі мүлік, жер және көлік салығы бойынша қарызды төлеген  жағдайда өсімпұлдарды есептен шығаруға салық­тық рақымшылық жасалды.  Бастама жыл аяғына дейін жалғасады. Бұл туралы өңірлік ­коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов мәлімдеді.

Былтыр көлік салығы «Біріктірілген ­деректер қоры» және «Сервис орта­лығы»  ақпараттық жүйе­лері арқылы алынған. 2015 жылдан бастап қарызы жоқ  туралы анықтаманы жол полициясы талап етпейді. Себебі АвтоЦОН бағдарламасы  «Бі­ріктірілген салықтық ақпа­раттық жүйесімен» бі­рік­тіріліп, арнайы маман жеке тұлғаға қызмет көр­сетеді.

Сонымен қатар көлікті сатқан кезде, жарамсыз күйде бөлшектегенде, ме­талға өткізгенде полиция департаментіне барып, мем­лекеттік тіркеу­ден шығарған жөн. Шығар­ма­ған жағдайда салық төлеу­ші болып қалады.

Департамент басшысы нысандар салуға арналған және мақсатына сай пайдаланылмай тұрған жер те­лімдерінің салығы 10 есеге ұлғайғанын жет­кізді. Сон­дықтан салықты уақы­тылы төлеу де маңызды. Қазіргі таңда жер телімдері, мүлік нысандары, көлік құралдары туралы қате мәлімет  берілсе, оны онлайн режимде түзетуге болады. Ол үшін  арнайы «e-Salyq» мобильді қосымшасы  бар.

Пандемияға байланыс­ты қаржылық қиындыққа ұшыраған бизнес өкілдерін қолдау үшін Салық ко­дексі мен «Оңалту және банкроттық туралы» заңында жеңілдіктер көзделді. Берешектің төлеу мерзімін ауыстыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылды. Мәселен, салық төлеушінің берешегін бөліп төлеу және 6 айдан аспайтын мерзімге бір мезгілде төлеуге болады. Сонымен қатар берешекті қайта құрылымдау рәсімі бизнестің дағдарыстан шы­ғуына ықпал ететін бірден-бір тетік саналды. Аталған шара сот шешімі арқылы 3 жыл мерзімге дейін беріледі. Бизнесті жандандырудың тағы бір жолы оңалту рәсімі – бо­рыш­кердің төлем қабі­летін қалпына келтіруге бағытталған жүйе. Облыс көлемінде 33 борышкер оңалту рәсімін қолдануда, ал 3 кәсіпорын қалыпты жұмыс ырғағына көшкен. 

Брифинг ­барысында де­партамент басшысы биз­нес өкілдеріне ар­нал­ған пи­лоттық жоба­ларға тоқ­талып, кеңінен түсіндіріп өтті. 

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<