Құрылтай

Егісті әртараптандыру – агросаладағы оң өзгерістің көрінісі

4

0

Фото: Ашық дереккөз

Биыл «Ер-Әлі» шаруа қожалығы жалпы 2300 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырды.

Шаруашылықтың негізгі бағыты – күріш шаруашылығы. Осы жылы 1500 гектарға күріш егіліп, қазіргі таңда күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, 30 гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылдары, 800 гектарға жоңышқа, 20 гектарға жүгері егілген. Бұл – егіс алқаптарын әртараптандыру бағытындағы жұмыстардың нақты көрінісі.

Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында шаруашылықта тамшылатып суару технологиясы енгізілген. Осы әдіспен 6 гектар жерге қарқынды алма бағы орналастырылып, өнімділігі жоғары алма ағаштарының сорттары отырғызылған.

Қазіргі уақытта баққа тұрақты агротехникалық күтім жұмыстары жүргізіліп, суару мен қоректендіру жүйелері толық жолға қойылған.

Заманауи агротехнологияларды қолдану, су үнемдеу тәсілдерін енгізу және ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру арқылы шаруашылық өнім көлемін арттырып, өңірдің аграрлық әлеуетін нығайтуға өз үлесін қосуда.