Екі көлік бетпе-бет соқтығысып, үш адам мерт болды

689

0

Павлодар облысында көлік апаты болып, үш адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Көлік апаты « Ленинский-Русская поляна» тасжолында болды.Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сай, 31 шілде күні 17:30-да «Volkswagen Passat» пен «Toyota Carina» маркалы көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға орнында үші адам мерт болды.

«Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы және Ертіс аудандық ауруханасынан медициналық бригада барды. Үш адам қайтыс болды: 51, 49 жастағы әйел, 52 жастағы ер адам», – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.

Одан бөлек тағы үш адам — 1961 және 1971 жылғы ер адам мен 1960 жылғы әйел жапа шеккен. Екі жүргізуші мен жолаушыларды түрлі жарақатпен Ертіс аудандық ауруханасына жеткізген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<