Екі жақты меморандумға қол қойды

315

0

Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен қаламыздың Сол жағалауындағы Жастар ресурстық орталық ғимаратында ардагерлер мен жастар өкілдерінің кездесуі өтті.

Кездесу ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбаты аясында ой бөлісу мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесудің модераторы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев Мемлекет Басшысының «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатына кеңінен тоқталып, ондағы мәселелер еліміздің әрбір азаматына қатысты және мемлекет өмірінің барлық дерлік жақтарын қозғайтынын атап өтті.

Жиында сөз алған ардагерлер мен жас көшбасшылар сұхбаттағы ұлттық идеология мен құндылықтар, отбасы тәрбиесі, ұлттық менталитетімізге тән емес әр деңгейлердегі зорлық – зомбылық, жастарды әлеуметтік қолдау, патриоттық тәрбие мәселелеріне тоқталды.

Кездесу аға буын өкілдері мен жастардың өз ойларын еркін бөлісіп, пікірлерін білдіруімен жалғасты. Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Тілес аймағымызда жастар саясатын жүзеге асыру барысында жүргізіліп жатқан жұмыстармен шара қонақтарын таныстырды. Өз кезегінде ардагерлер кейінгі буын өкілдерімен өз тәжірибелерімен бөлісіп, тың кеңестерін айтты.

Облыстық ардагерлер кеңесі аймағымыздағы жалпыұлттық идея рухында патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу, саяси тұрақтылықты сақтау, қарт адамдардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың лайықты әлеуметтік – тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бағыттарындағы жұмыстарға өз үлестерін қосып келеді. Алдағы уақытта, жастарды еңбекқорлық, кәсібилік, адалдық, еңбек даңқы, ата-бабаның ұлттық салт – дәстүрінде тәрбиелеуде бірлесіп жұмыстар атқару мақсатында Облыстық ардагерлер Кеңесі мен Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында көптеген бірлескен шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<