ЕКІЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМ БЕКІТІЛДІ

168

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» арасында Сыр өңірі жастарының өзара ынтымақтастығы бірлескен тиімді жұмысын қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар арасындағы байланысты орнату ниетіндегі екіжақты әріптестік меморандумы бекітілді.

Мазмұнды шараға «Жастар ресурстық орталығының» директоры Асқар Құрмаш, «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, этномәдени бірлестіктің мүшелері, жастар орталығының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл құжаттың басты мақсаты – өңірдегі бірлік пен татулықты, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған түрлі бағыттағы шараларды бірлесе атқару. Жаңа бастамаларды қолға ала отырып, оларды бірлесіп, қарқынды түрде жүзеге асыру.

Осы орайда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Алина Новикова «Әріптестігіміздің арқасында ойда жүрген тың иделарды жүзеге асырамыз», – деді.

Өз кезегінде Фархат Әбдібағдатұлы екіжақты байланысты нығайтып, айқын бейнелер мен идеяларды молайтып, бірлесе жұмыс жасауға дайын екенін айтты. Ал Асқар Құрмаш алдағы жоспарланған игілікті шаралар өз нәтижесін беретініне сенім білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз