Ел қоржынында алтыншы медаль

595

0

Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан универсиадада Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Трамплиннен шаңғымен секіру спортында ерлер командасының мүшелері Данил Васильев пен Сергей Ткаченко үздік нәтиже көрсетіп, универсиаданың күміс меделін иеленді. Қазақстандық команда австриялық командаға жол беріп, Жапония спортшыларын қапы қалдырды.Айта кетейік, универсиадада Қазақстан құрамасы әзірге 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.
Ұқсас жаңалықтар

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<