Ел жаңалықтары

296

0

Көшпенділер ойынына қызығушылық артты

Астана қаласында 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына Ұлыбритания елі қатысатынын растады.

Бұған дейін британдық Овари федерациясы овари ұлттық құрамасының ойындарға қатысатынын ресми түрде растаған болатын. Сондай-ақ Ұлыбритания Елшілігінің өкілдеріне спорттың бірнеше түрінен, күрестің бес түрінен, Powerful Nomads және арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен қатысу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Дүниежүзілік көшпенділер ойынында спорттың 20 түрінен мықтылар анықталады.

Бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды

2022 жылдың басынан бері пайдаланылмайтын 10 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 2024 жылы тағы 2 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр.

– Салық салудағы өзгерістер ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалануға ынталандыруы тиіс. Бұл жұмыс бірыңғай жер салығы тәсілдерін өзгерту шеңберінде жүргізілуде, нәтижесінде Агроөнеркәсіп кешеніндегі салықтар бойынша есепке алу мен әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді, – деді ол.

Дубайда «Қазақстан» сауда үйі ашылады

Біріккен Араб Әмірліктерінің орталығы Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылады. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ведомствоның алқа мәжілісінде осы ақпаратты жария етті.

– Келесі аптада біз Дубайда QazExpoCongress ұлттық компаниясының «Қазақстан» сауда үйін ашамыз. Павильонды отандық тауарды ілгерілетуге барынша белсенді пайдаланамыз. Ол тек қана қазақстандық тауарлардың көрсетілім алаңы ғана болмайды. Біз алғаш рет инжиниринг қызметінің, медицина мен ІТ саланың өнімдерін ілгерілетпекшіміз, – деді министр.

Дайындаған

Мадияр Төлеу,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<