Елдігімізді айқындайтын бастама

271

0

Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бері көтеріліп келеді. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында да қазақ тілін латын графикасына көшіру туралы атап өтті.

Онда 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай, бастаманы жүзеге асыруды атап өтті.

Расында, бұл бастама – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, жалпы халықтың сауаттылығын танытатын көр­сеткіш. Латын әліпбиі – за­мандық технологияның тілі. Бұдан бұрын да тарихымызда 10 жылдай қолданыста болған. Оның басты ерекшелігі, ана тіліміздің төл дыбыстары сақ­талады. Сондай-ақ, латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни, болашағы зор. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның әрі қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет.

«Латыншаға көшудің терең логи­касы бар. Бұл қазіргі заман­ғы технологиялық ор­таның, ком­му­никацияның, сон­дай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерек­шеліктеріне бай­ланысты», – деп Елбасы айтқандай, бұл – заман талабы. Ал ғалымдарымыз оның тиімді тұс­тарын дәлелдеп жатыр. Бастысы, бұған бұқара да қолдау танытты.

Ақболық НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ,

Е.Әуелбеков атындағы 

№4 облыстық 

дарынды балаларға арналған 

мектеп-интернаты 

тәрбиешісі.

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<