Елдіктің рухын көтеретін күн

963

0

Облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан  Байманов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай өңірлік коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг өткізді.

Мерейлі мерекені атап өтуге арналған кешенді жоспар бекітілген. Жоспар бойынша жыл көлемінде 300-ге жуық әртүрлі форматтағы шара ұйымдастырылады. Оған 200 мыңға жуық азамат қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар мамыр айында басталды. Кеше облыс орталығында тарихшылар мен сарапшылар қатысқан «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің символы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ал Байқоңыр қаласында «Менің Туым – менің Отаным» атты патриоттық шеру болды.  Шеру «ҚазҒарыш» сапары» ғимаратынан бастау алып, «Арбат» аллеясына дейін жалғасты. Сондай-ақ, жастар арасында кіші футболдан турнир, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылуда. «Арбат» аллеясында шығармашыл жастардың жанды дауыстағы патриоттық әндер кеші өтті. Мұндай патриоттық іс-шаралар аудандарда да өтуде.

Бүгін «Рәміздер алаңында» аймақ басшысының қатысуымен негізгі мерекелік іс-шара өтеді. Оған 2 мыңға жуық қала тұрғыны қатысады. Жеңіл көліктердің, мотовело шабандоздардың қатысуымен шеру ұйымдастырылады.

Іс-шараның негізгі мақсаты − рәміздерді ұлықтау, жастар арасында патриоттық сезімді арттыру және халық арасында азаматтық белсенділікті дамыту. Осы күні мектеп оқушылар «Жас Ұлан» балалар-жөсөспірімдер ұйымына қабылданбақ.

Республика көлемінде еліміздің Мемлекеттік Әнұранын орындау патриоттық акциясы өтеді. Бұл акцияны қолдау мақсатында біздің өңірімізде де ұжымдарда, кәсіпорындарда, ірі сауда орталықтарында, өзге де халық көп шоғырланатын орындарда таңғы сағат 09:00-де бір мезгілде Әнұран орындалады.  «Aray City Mall», «Жібек жолы» сауда үйлері мен «Арбат» бойында, қалалық мәдени-демалыс паркінде мерекелік шаралар мен жастардың патриоттық акциялары өтеді. Сондай-ақ, «Туымыз – төрімізде» республикалық акциясы қаланың орталық көшелері мен шағын аудандарында орналасқан тұрғын үйлерде, ірі сауда орталықтарында ұйымдастырылады.

−  Нұр-Сұлтан қаласында «Көк тудың желбірегені» атты республикалық патриоттар  форумы өтеді. Бұл шараға облыстан жастар арасында шахматтан әлем чемпионы Назерке Нұрғали, жыршы-термеші Марат Сүгірбай, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрбол Аппазов, дәрігер-реаниматолог Алмат Әбдіхалық қатысуда. Мақсат − Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған  айтулы іс-шараларды лайықты ұйымдастыру арқылы рәміздерге  деген ерекше құрметті оятуға ықпал ету. Бұл – Мемлекет басшысы айқындаған Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам, − деді Ш.Байманов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<