Елдімекендерді көгалдандыру мәселелері қаралды

221

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

🔹Инвестицияларды қолдау және ынталандыру шараларының тиімділігі мен қалаларды абаттандыру және көгалдандыру мәселелері бойынша облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес мәжіліс отырысы өтті.

🔹Аудан әкімі Ардақ Ибраимов төрағалық еткен мәжіліс отырысында 2024 жылға негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемін 18,4 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланғанын жеткізді.

🔹Межелі мәнге жету мақсатында өңдеу өнеркәсібіне бағытталған жобалар пулы аясында жалпы құны 1,0 млрд. теңгені құрайтын 2 жобаны жыл аяғына дейін іске асырылуы бағытында қажетті шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

🔹Капиталға тартылатын инвестиция ауданның әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі. Аталған көрсеткіш бюджет және жеке қаражаты есебінен орындалады. Осы орайда, сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасары Арнұр Әлібекұлына ай сайын көрсеткіштің орындалуы бойынша алдын ала талдау жасып, орындалуын қамтамасыз ету жүктелді.

🔹Сондай-ақ, кент, ауылдық округ әкімдеріне едімекенді көркейту, абаттандыру жұмыстарына кәсіпкерлер, шаруашылық құрылымдары мен демеушілерді тарта отырып, нақты жобаларды жүзеге асыру тапсырылды.

🔹Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Әліби Қодарұлына 2024 жылы өткізілетін «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсына ауылдардың белсенді қатысуын ұйымдастыру керектігін жеткізді.

🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында экологиялық жағдайға аса назар аударып, 2025 жылға дейін 2 млрд. түп ағаш отырғызу жөнінде тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<