Электронды өтініш беру

507

0

Егер мемлекеттік органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны онлайн істеуге болады. Әдеттегідей, egov.kz порталы – сіздің басты көмекшіңіз.
ЭЦҚ-ңыз болса, керекті мемлекеттік органға өтінішті жазып қана қоймай, орындалу мәртебесін бақылап, берілген жауапты да көруге болады.
Бұл үшін: point_up_2:

:white_check_mark: Порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз
:white_check_mark: «Электронды өтініштер» сервисін таңдаңыз
:white_check_mark: Мәліметтеріңізді енгізіп, өтінішіңізді қалдырыңыз
:white_check_mark: ЭЦҚ-мен қол қойып, мемлекеттік органға жолдаңыз

Заңды не жеке тұлғалардың жазған өтініші бойынша жауап 15-30 күнтізбелік күн (қосымша ақпарат қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін) аралығында қаралады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<