Елена Рыбакина келесі айналымға шықты

459

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25 ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге екінші айналымда чилилік Алекса Гуарачи – тайбэйлік Чань Латишамен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп 55 минутқа созылған матчта 6:1, 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Олар 4 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Гуарачи мен Латиша 1 брейкпен ғана шектелді.

Е.Рыбакина мен А.Павлюченкова ширек финалға шығу үшін осы «Үлкен дулыға» турнирінің 10-ракеткалары, жапониялықтар Сухо Аояма – Эна Шибахарамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның жекелей сында алғаш рет төртінші айналымға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<