Елена Рыбакинаның Дубай WTA 1000 турниріндегі қарсыласы анықталды

3265

0

Фото: Sports.kz

Дубай WTA 1000 турнирінің жеребесі тартылды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Е.Рыбакина бастапқы кездесуін әлемнің 31-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренко немесе рейтингіде 43-орындағы нидерландылық Аранча Рустың қай жеңгенімен өткізеді.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 76-ракеткасы Юлия Путинцева негізгі турнирге өте алмады. Ол іріктеу сайыстарының финалында тартысты бәсекеде әлемнің 52-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Фрешке жол берді – 3:6, 6:3, 4:6.

Сондай-ақ ерлер арасында әлемнің 189-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Доха ATP 250 додасының іріктеу сайысында сүрінді. Ол әлемнің 140-ракеткасы, словакиялық Лукаш Клейнге есе жіберді – 4:6, 3:6.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<